top of page

СҰРАҚ-ЖАУАП

Өтінімді бірнеше киберспорттық бағыттарда бере аламын ба?

Өз қызығушылығың мен дағдыларыңа барынша сәйкес келетін киберспорттық салаға өтінім беруді ұсынамыз. Бірден бірнеше бағытқа өтінім беру қабылдау процесінен сәтті өту мүмкіндігін арттырмайтынына назар аудар.

Іріктеу процесі қаншалықты ұзақ болады?

Өтінімді өңдеу: әрі қарай жұмыс істейтін болсақ, саған екі апта ішінде хабарласамыз.

Рекрутердің қоңырау шалуы: өз ойын дағдылары мен киберспорт саласындағы тәжірибең туралы командамыздың мүшесімен сөйлесетін боласың.

Ойын дағдыларын бағалау: таңдалған салада шеберлігіңді көрсету үшін белсенді қатысушыларымыздың біреуімен бірнеше матч ойнауға тура келеді.

Ішкі қауіпсіздік қызметінің тексерісі: EPC кеңсесінде біз қауіпсіздік қызметінің қатысуымен сенімен сұхбат ұйымдастырамыз.

Мен былтыр сұхбаттан өттім/өтінім бердім, бірақ іріктеуден өте алмадым. Өтінімді қайта бере аламын ба?

Адамдар кәсіби тұрғыдан дамып, олардың қажеттіліктері өзгеріп отырады. Бұрынғы өтінімді бергеннен бері өз шеберлік деңгейіңді біраз арттырған болсаң, өз күшіңді тағы байқап көруге шақырамыз.

СҰРАҚТАР БАР МА?

Кері байланыс формасын пайдаланып, бізге хат жаз – #EPCкомандасы жақын арада міндетті түрде жауап береді!

bottom of page