1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
1.1. "Турнир" ұғымы үштен бес киберспортшыға дейін қатысатын киберспорттық жарысты білдіреді.
1.2. Әр турнирге бірегей нөмір (бұдан әрі - "Маусым") беріледі.
1.3. Киберфутбол бойынша EPC турнирлері күнтізбелік жыл бойы күн сайын өткізіледі.
1.4. "Күнтізбелік жыл" ұғымы 1-ші қаңтардан 31-ші желтоқсанға дейін созылатын кезеңді білдіреді. Әр күнтізбелік жыл он екі айдан (сатыдан) тұрады.
1.5. Әр айдың қорытындысы бойынша топтағы ең үздік бес киберспортшы анықталады.
1.6. Барлық турнирлер PlayStation ойын платформасында өткізіледі.
1.7. Турнирлер келесідей ойын ортасында өткізілуі мүмкін Electronic Arts баспагері ұсынған “EA Sportys FC24” футбол симуляторының лицензиялық нұсқасы (бұдан әрі - FC24);
1.8. Турнир FIFA ойын ортасында өткізілсе, қатысушылар "Legendary" деңгейіндегі "Kick Off" режимінде жарысады.
1.9. Турнирлерге 18 жасқа толған киберспортшылар қатыса алады. Барлық қатысушылардың тиісті аккредитациясы мен ұйымдастырушылар тарапынан берілген рұқсаты болуы тиіс.
1.10. Турнирлер арнайы мамандандырылған стационарлық киберспорттық алаңшаларда өтіп, бұл ретте қатысушылар да, ұйымдастырушылар да барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы тиіс.
2. ЖАРЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
2.1. Турнир аясында әр қатысушыға жарысты өткізу сәтінде өзекті құрамы бар бір команда онлайн-жеребе әдісімен тағайындалады.
2.2. Киберфутбол бойынша EPC турнирлері айналмалы жүйе бойынша өткізіліп, бұл ретте қатысушылар «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша екі айналымда ойнайды.
2.3. Бір турнирге қатысамын деушілер саны бестен артық болса, қатысушылар екі топқа ("А тобы" және "В тобы") бөлініп, екі бөлек Турнир ойнайды.
2.4. Негізгі ойын уақыты аяқталысымен, нәтижесі турнир статистикасына енгізіледі. Сонымен қатар, матч жеңімпазы негізгі ойын уақыты аясында анықталады.
2.5. "Негізгі ойын уақыты" ұғымы нақты уақыттың он минутының баламасы болып табылатын ойын уақытының тоқсан бірлігінен тұратын екі таймды білдіреді.
2.6. Сонымен қатар, негізгі ойын уақытына ойын ортасындағы виртуалды төрешілермен белгіленген қосымша уақыт та есептелуі мүмкін.
2.7. Негізгі ойын уақыты аясында матч "Тең ойын" нәтижесімен аяқталса, қатысушылар овертаймдар ойналмайтын "Тең ойынға келісу" ойын опциясын таңдайды ("Алтын доп", "Классика" немесе "Пенальти" режимдері).
3. ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫН АНЫҚТАУ
3.1. Әр қатысушы турнирдің әрбір басқа қатысушысымен екі матчтан ойнайды (біреуі - "үйдегі матч", екіншісі - "сырттағы матч").
3.2. Матч қорытындысы бойынша ойыншыға келесідей ұпай беріледі:
a) жеңіске - 3 ұпай.
b) тең ойынға - 1 ұпай.
c) жеңіліске - 0 ұпай.
3.3. Форс-мажор жағдайларының орын алуына (5-бөлім) байланысты матчты өткізу немесе аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, қатысушыларға 0 ұпайдан беріледі.
3.4. Матч техникалық себептерге байланысты доғарылған болса, бұл матч доғарылған сәттегі қатысушылардың нәтижесі турнирлік кестеге ("Голдар" бөлімі) енгізіліп, турнир жеңімпазын анықтау кезінде ескеріледі.
3.5. Екі қатысушы тең ұпай санын жинаса, турнир жеңімпазы мен турнирлік кестедегі барлық қалған орындар келесідей түрде үлестіріледі:
a) турнир аясында өткізілген барлық кездесулердегі соққан голдар саны бойынша.
b) турнир аясында өткізілген барлық кездесулердегі соққан және өткізіп алған голдар айырмасы бойынша.
3.6. Барлық матчтардың нәтижелері онлайн режимінде жаңартылатын ресми турнирлік статистикаға енгізіледі.
4. АЙДЫҢ ҮЗДІК БЕС ОЙЫНШЫСЫН АНЫҚТАУ
4.1. Әр айдың қорытындысы бойынша сайыстардың барлық қатысушылары арасында үздік бес ойыншы (бұдан әрі - “Топ 5” рейтингісі) анықталады.
4.2. “Топ 5” рейтингісіне ай ішінде отыздан астам турнирге қатысқан ойыншылар кіруі мүмкін.
4.3. “Топ 5” рейтингісінде орындарды үлестірген кезде келесідей критерийлер ескеріледі:
а) күнтізбелік ай ішіндегі жеңістер пайызы.
b) күнтізбелік ай ішіндегі барлық өткізілген кездесулерде соққан голдар саны.
5. ФОРС-МАЖОР ЖАҒДАЙЛАРЫ
5.1. Жоспарланған матчты техникалық ақауларға байланысты өткізу мүмкін болмаса, матч болдырылмаған деп танылады.
5.2. Болдырылмаған матчтар кейінге қалдырылмай, оларға «Болдырылмады» деген статус сақталады.
5.3. Матч барысында техникалық ақаулар орын алып, оны бұдан әрі өткізу мүмкін болмаса, бұл матч доғарылған деп танылады. Доғарылған матчтар кейінге қалдырылмай, оларға «Доғарылды» деген статус сақталады.
5.4. Қате шот ашылғанға және/немесе бірінші тайм аяқталғанға дейін анықталған кезде, матчты төменде сипатталған жағдайларда жаңартуға болады:
a) матч кестеге сәйкес басталған жоқ.
b) команда дұрыс таңдалған жоқ.
c) командалар құрамы дұрыс анықталған жоқ.
d) “үйдегі матч”/"сырттағы матч" тарапы дұрыс таңдалған жоқ.
5.5. Басқа жағдайларда бұндай матч болдырылмаған деп саналады.
5.6. Форс-мажор жағдайларына байланысты мәлімделген ойыншы матчқа қатыса алмаса, жағдайларға қарай ойыншыны алдын ала немесе жедел ауыстыру жүзеге асырылады. Ауыстыруды жүзеге асыру мүмкін болмаса, турнир алдын ала мәлімделген ойыншының қатысуынсыз ойнатылады.