top of page

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

1. КІРІСПЕ

Esport Pro Club (бұдан әрі «EPC» және/немесе «біз») Сіздің жеке ақпаратыңызды қорғауға және деректерді қорғау туралы барлық қолданыстағы заңдар мен қағидаларды сақтауға міндеттенеді.

 

Осы Құпиялылық саясатында («Саясат») Сіз https://www.esportclub.pro/ веб-сайтын («Веб-сайт») пайдалану барысында бізге ұсынатын кез келген ақпаратты қалайша және неліктен жинайтынымыз, өңдейтініміз және пайдаланатынымыз сипатталған.

 

Бұл веб-сайтты пайдаланбас бұрын, біздің Құпиялылық саясатымызбен міндетті түрде мұқият танысып шығуыңызға кеңес береміз. Саясат шарттарымен келіспесеңіз және сұралатын жеке ақпаратты бізге ұсынуға ниет білдірмесеңіз, бұл веб-сайтты пайдаланудан қалыс қалуыңызды сұраймыз.

 

2. БІЗ ЖИНАЙТЫН ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕР

Сіздің келісіміңізбен біз келесідей ақпаратты жинай аламыз:

 

●  Сіздің атыңыз бен тегіңіз, сондай-ақ электрондық поштаңыздың мекенжайы;

●  Сіз «Байланыс деректері» парақшасындағы кері байланыс нысаны арқылы жіберетін кез келген хабарлама;

●  Трафик туралы ақпарат, орналасқан жері туралы деректер сияқты мәліметтер және басқа да байланыс деректері (соның ішінде IP мекенжайы және браузер түрі).

 

Бұл ақпаратты жинаудың мақсаты — сізбен байланыста болу.

 

Сіздің жеке деректеріңізді белгіленген мерзім ішінде заңды негіздерде сақтаймыз. Демек, бұл деректер ақшаның жылыстауымен күресу бойынша қолданыстағы рәсімдерді және заңнаманың басқа да қолданылатын талаптарын сақтау арқылы өңделетін болады.

 

3. СІЗДІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ПАЙДАЛАНУ

Сіздің жеке ақпаратыңыз келесідей мақсаттарда пайдаланылады:

 

●  EPC қызметтерін ұсыну;

●  EPC қызметтерін ұсыну аясындағы хабар алмасу;

●  Сіздің сұрақтарыңыз бен пікірлеріңізге берілетін жауаптар;

●  сайттағы келушілердің белсенділік қарқындылығын, оны пайдалануды және ұсынылатын қызметтердің сапасын қадағалау;

●  қызметтерімізге деген қызығушылық деңгейін анықтау;

●  қызметтердің және веб-сайттың сапасын жақсарту;

●  сізді қызықтыруы мүмкін арнайы ұсыныстар мен қызметтер туралы хабарлау;

●  дауларды реттеу;

●  веб-сайт жұмысындағы қателер мен ақауларды жою.

 

Бізде сіздің жеке деректеріңізді жоғарыда баяндалған мақсаттарда EPC іскерлік серіктестеріне (географиялық орналасқан жеріне қарамастан) және үлестес компанияларға ұсыну (жариялау) құқығы бар. Біз осы компаниялардың жеке деректердің өңделуін реттейтін нормативтік актілерді, сондай-ақ осы Саясаттың қағидаларын білетініне және оларды сақтайтынына кепілдік береміз. Оған қоса, Сіздің жеке деректеріңізді жоғарыда баяндалған мақсаттарда өңдеу үшін біз және жоғарыда аталған іскерлік серіктестер кейде үшінші тұлғаларды тартуымыз мүмкін, бұл жағдайда осы деректердің өңделуі заңды тұрғыдан рәсімделген шарттық келісіммен реттелетін болады. Заңмен рұқсат немесе талап етілсе, сіздің жеке ақпаратыңыз тиісті мемлекеттік атқарушы немесе бақылаушы органға ұсынылуы мүмкін.

 

Жеке деректер жарнамалық материалдарды тарату және сізге жаңа EPC өнімдері мен қызметтері туралы хабар жіберу үшін пайдаланылуы мүмкін. Осы Саясаттың шарттарын қабылдай отырып, сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді жоғарыда аталған мақсаттарда пайдалануымызға келісіміңізді бересіз. Бұған қарамастан, сіздің осындай жарнамалық материалдарды алудан бас тарту мүмкіндігіңіз бар.

 

4. БЕЛГІЛЕНГЕН ҚҰҚЫҚТАР

Сіздің келесідей құқықтарыңыз бар:

 

●  Жеке деректерге қолжеткізу. Біз жинайтын жеке деректер және оларды қандай мақсаттарда пайдаланатынымыз туралы ақпаратты алу үшін бізге жүгіне аласыз.

●  Рұқсатты қайтарып алу. Сіздің жеке деректеріңіз сіздің берген келісіміңізбен өңделеді, осы келісімді кез келген уақытта қайтарып алуға құқығыңыз бар.

●  Жеке деректерді пайдаланудан бас тарту және олардың пайдаланылуын шектеу. Жеке деректеріңіз заңсыз пайдаланылып жатыр деп күдіктенсеңіз, бізге олардың өңделуін тоқтата тұру немесе біржола тоқтату өтінішін жібере аласыз. Жарнамалық материалдарды тарату қызметіне жазылудан бас тарту үшін электрондық хаттағы арнайы сілтемеге өтіңіз.

●  Жеке деректерді жою. Жеке деректеріңізді сақтаудың негізді себептері болмаса, бізге оларды жоюға талап қою құқығыңыз бар.

 

5. БҰЛ САЯСАТҚА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ

Бізде осы Саясатқа кез келген уақытта өзгерістер енгізу құқығымыз бар. Осы Құпиялылық саясаты 2022 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді.

 

6. ӘРІ ҚАРАЙҒЫ БАЙЛАНЫС

Осы Саясатқа немесе жеке деректеріңізді пайдалануға қатысты кез келген сұрақты, пікірді немесе ескертпені бізге жібере аласыз. Жоғарыда аталған құқықтардың кез келгенін пайдаланғыңыз келсе, contacts@esportclub.pro электрондық поштасына хат жазып, бізге хабарласуды сұраймыз.

bottom of page