top of page

1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

1.1. "Турнир" ұғымы үштен бес киберспортшыға дейін қатысатын киберспорттық жарысты білдіреді.

1.2. Әр турнирге бірегей нөмір (бұдан әрі - "Маусым") беріледі.

1.3. Киберкрикет бойынша EPC турнирлері күнтізбелік жыл бойы күн сайын өткізіледі.

1.4. "Күнтізбелік жыл" ұғымы 1-ші қаңтардан 31-ші желтоқсанға дейін созылатын кезеңді білдіреді. Әр күнтізбелік жыл он екі айдан (сатыдан) тұрады.

1.5. Әр айдың қорытындысы бойынша топтағы ең үздік бес киберспортшы анықталады.

1.6. Турнирлер дербес компьютерлерде (бұдан әрі - ДК) немесе PlayStation ойын платформасында (бұдан әрі - PS) өткізілуі мүмкін.

1.7. Барлық турнирлер Nacon & Big Ant Studios баспагері ұсынған “Cricket” симуляторының лицензиялық нұсқасының ойын ортасында (бұдан әрі - Cricket) өткізіледі. Қатысушылар келесідей күрделілік деңгейінің баптауларында "РІау Now" режимінде (“FIVES” матч түрі) жарысады:

а) Жасанды интеллект (АІ): "LEGEND"; 

b) Қайтара ұру (BATTING): "HARD";

c) Итеру (BOWLING):  "HARD"; 

d) Доптарды жинау (FIELDING): "HARDEST"; 

e) Физика (PHYSICS): "DEFAULT"; 

f) Төрелік (UMPIRING): "DEFAULT".

1.8. Турнирлерге 18 жасқа толған киберспортшылар қатыса алады. Барлық қатысушылардың тиісті аккредитациясы мен ұйымдастырушылар тарапынан берілген рұқсаты болуы тиіс.

1.9. Турнирлер арнайы мамандандырылған стационарлық киберспорттық алаңшаларда өтіп, бұл ретте қатысушылар да, ұйымдастырушылар да барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы тиіс.

2. ЖАРЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

2.1. Турнир аясында әр қатысушыға жарысты өткізу сәтінде өзекті құрамы бар бір команда онлайн-жеребе әдісімен тағайындалады.

2.2. Киберкрикет бойынша EPC турнирлері айналмалы жүйе бойынша өткізіліп, бұл ретте қатысушылар «әрқайсысы әрқайсысымен» принципі бойынша екі айналымда ойнайды.

2.3. Бір турнирге қатысамын деушілер саны бестен артық болса, қатысушылар екі топқа ("А тобы" және "В тобы") бөлініп, екі бөлек Турнир ойнайды.

2.4. Матчтағы жеңімпаз екі иннинг (innings) қорытындысы бойынша алған ран-ұпайларының (runs) саны негізінде анықталады. Әр иннинг (innings) бес овермен (overs) шектелген. Әр овер (over) алты тиянақталған берумен шектелген. Матчта әр командада бес қақпаға (wickets) дейін бар.

2.5. Екі иннинг (innings) қорытындысы бойынша командалар тең ран-ұпай (runs) санын алса, тең ойын (tie) жарияланып, содан кейін командалар екі иннингтен (innings) тұратын суперовер (superover) ойнайды. Әр иннинг (innings) алты берумен шектелген. Супероверде әр команданың екі қақпасы (wickets) болады.

2.6. Екі негізгі иннинг (innings) қорытындысы бойынша командалардың тең қақпа (wickets) саны болса, ал суперовер (superover) аяқталысымен олар қайтадан тең ран-ұпай (runs) санын жинаса, матч нәтижесі “Тең ойын” (draw) ретінде есептеліп, өзекті есебімен бірге турнирлік кестеге енгізіледі. Кері жағдайда, екі негізгі иннинг (innings) қорытындысы бойынша қақпа (wickets) саны азырақ болған командаға жеңіс беріледі.

2.7. Матч аяқталысымен, нәтижесі турнир статистикасына енгізіледі. 

3. ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫН АНЫҚТАУ

3.1. Әр қатысушы турнирдің әрбір басқа қатысушысымен екі матчтан ойнайды.

3.2. Матч қорытындысы бойынша ойыншыға келесідей ұпай беріледі:

    a) жеңіске - 3 ұпай.

    b) тең ойынға - 1 ұпай. 

    c) жеңіліске - 0 ұпай.

3.3. Форс-мажор жағдайларының орын алуына (5-бөлім) байланысты матчты өткізу немесе аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, қатысушыларға 0 ұпайдан беріледі.

3.4. Матч техникалық себептерге байланысты доғарылған болса, қатысушылардың бұл матч доғарылған сәттегі нәтижесі турнирлік кестеге енгізіліп, турнир жеңімпазын анықтау кезінде ескеріледі.

3.5. Екі немесе одан да көп қатысушы тең ұпай санын алса, турнир жеңімпазы мен турнилік кестедегі барлық қалған орындар келесідей үлестіріледі:

     a) турнир аясында өткізілген барлық кездесулердегі ран-ұпайлар (runs) саны бойынша.

     b) турнир аясында өткізілген барлық кездесулердегі соғылған қақпалар (wickets) саны бойынша.

с) тең ран-ұпай (runs) санын алған турнир қатысушылары арасындағы жеке кездесулерде ран (runs) және соғылған қақпа (wickets) саны бойынша

d) тең ран-ұпай (runs) санын алған турнир қатысушылары арасындағы жеке кездесулерде соғылған қақпалардың (wickets) аз саны бойынша.

3.6. Барлық матчтардың нәтижелері онлайн режимінде жаңартылатын ресми турнирлік статистикаға енгізіледі.

4. АЙДЫҢ ҮЗДІК БЕС ОЙЫНШЫСЫН АНЫҚТАУ

4.1. Әр айдың қорытындысы бойынша сайыстардың барлық қатысушылары арасында үздік бес ойыншы (бұдан әрі - “Топ 5” рейтингісі) анықталады.

4.2. “Топ 5” рейтингісіне ай ішінде жиырмадан астам турнирге қатысқан ойыншылар кіруі мүмкін.

4.3. “Топ 5” рейтингісінде орындарды үлестірген кезде келесідей критерийлер ескеріледі:

    а) күнтізбелік ай ішіндегі жеңістер пайызы.

    b) барлық кездесулер қорытындысы бойынша ран-ұпайларының (runs) барынша көп саны.

 c) барлық кездесулер қорытындысы бойынша соғылған қақпалардың (wickets) барынша аз саны.

 

 

5. ФОРС-МАЖОР ЖАҒДАЙЛАРЫ

5.1. Жоспарланған матчты техникалық ақауларға байланысты өткізу мүмкін болмаса, матч болдырылмаған деп танылады.

5.2. Болдырылмаған матчтар кейінге қалдырылмай, оларға «Болдырылмады» деген статус сақталады.

5.3. Матч барысында техникалық ақаулар орын алып, оны бұдан әрі өткізу мүмкін болмаса, бұл матч доғарылған деп танылады. Доғарылған матчтар кейінге қалдырылмай, оларға «Доғарылды» деген статус сақталады.

5.4. Қате шот ашылғанға дейін анықталған кезде, матчты төменде сипатталған жағдайларда қайтадан бастауға болады:

    a) матч кестеге сәйкес басталған жоқ.

    b) команда дұрыс таңдалған жоқ.

    c) командалар құрамы дұрыс анықталған жоқ.

    d) “қызыл”/"көк" тарапы дұрыс таңдалған жоқ.

5.5. Басқа жағдайларда матч болдырылмаған деп саналады.

5.6. Форс-мажор жағдайларына байланысты мәлімделген ойыншы матчқа қатыса алмаса, жағдайларға қарай ойыншыны алдын ала немесе жедел ауыстыру жүзеге асырылады. Ауыстыруды жүзеге асыру мүмкін болмаса, турнир алдында мәлімделген ойыншының қатысуынсыз ойнатылады.

bottom of page